Елбасы Хосни Мүбарактың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

837

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Мұхаммед Хосни Мүбарактың дүниеден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.  

Елбасы Хосни Мүбарактың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Елбасы Мысыр Араб Республикасының бұрынғы Президенті Мұхаммед Хосни Мүбарактың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz.

"Мен Мұхаммед Хосни Мүбаракпен бірнеше мәрте кездестім. Ол Қазақстан мен Мысыр арасындағы қарым-қатынастың нығаюына және сенім мен достыққа негізделген ынтымақтастықтың дамуына тікелей септігін тигізді. Осынау азалы сәтте Мысыр халқына және марқұмның отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу