Елбасы Италия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

642

Елбасы Италиядағы автожол көпірінің опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Елбасы Италия президентіне  көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Италия Республикасының президенті Серджо Маттареллаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президенті Италияның солтүстігіндегі Генуя қаласында автожол көпірінің опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өз атымнан ауыр қайғыға ортақтасып, қайтыс болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Италия халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу