Елбасы: Кабулға азық-түлік тауарларын жеткізетін негізгі елдердің бірі болуға әзірміз

956

Мемлекет басшысына Ауғанстан, Қырғызстан, Литва, Иран, Армения елшілері сенім грамотасын табыс етті.  

Елбасы: Кабулға азық-түлік тауарларын жеткізетін негізгі елдердің бірі болуға әзірміз Фото: inform.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі аясында Қазақстанның Ауғанстан мәселелерін шешуге екпін қойып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы байланыстар достық пен өзара түсіністік рухында ілгерілеп келеді. Еліміз Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға, оны әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға өз үлесін қосуда. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретінде Ауғанстан мәселелерін шешуге атсалысып келеміз", –  деді президент Қазақстанға жаңадан тағайындалған елшілерден сенім грамотасын қабыл алу салтанатты шарасында.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Кабулға жыл сайын қаржылай, техникалық, гуманитарлық көмек көрсетіліп жатқанын еске салды.

"Ауған жастарына арналған білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар біз Кабулға азық-түлік тауарларын жеткізетін негізгі елдердің бірі болуға әзірміз", –  деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Мемлекет басшысына Ауғанстан елшісі Мохаммад Фрахад Азими, Қырғызстан елшісі Жээнбек Кулубаев, Литва елшісі Гинтаутас Васюлис, Иран елшісі Маджид Самадзаде Сабер, Армения елшісі Гагик Галачян сенім грамотасын табыс етті.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу