Елбасы Қайрат Әбдірахмановты қабылдады

623

Елбасы Қайрат Әбдірахмановты қабылдады

Қазақстан президенті сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қайрат Әбдірахманов мемлекет басшысына сыртқы істер министрлігінің қазіргі қызметі, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары жөнінде мәлімдеді.
Елбасы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі мен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық барысындағы ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелерге баса назар аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар тұрғысынан алғанда, сыртқы саясат ведомствосы экономикамыздың басты салаларына шетелдік инвестиция тарту үдерісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Қазақстан президенті кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу