Елбасы Қарағанды облысы салған аллеяны аралады

746

Елбасы Қарағанды облысы салған аллеяны аралады

Қарағанды облысы "Қазақ еліне мың алғыс" атты 14 метрлік монументі бар жаңа "Ұлытау" аллеясын Астанаға сыйға тартты, деп хабарлайды 24.kz.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы аллеяға барып аралады.

Монументте 3 баланы бауырына басқан қазақ әйелінің мүсіні бейнеленген. Оның символикалық мағынасы терең. Репрессия жылдарында түрлі ұлт өкілдерін бауырына басқан қазақ халқын бейнелейді. Сондай-ақ аллеядан Ұлытаудың ең басты құндылықтары қойылған. Тіпті Алтын шоқы дөңінің басынан табылған Әмір Темірдің жазуы басылған тастың көшірмесіне дейін бар. Сондай-ақ Теректі Әулие мен Байқоңырдың петроглифтерін де көруге болады. Тастардағы жазулар сол кездегі тарихтан сыр шертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу