Қостанай қаласында жұмыс сапарымен жүрген елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін облыс орталығында орналасқан "Милх" ЖШС-де болды, деп хабарлайды kostanaytany.kz.
Президент сүт өнімдерін шығаратын зауыттың жұмысымен танысты.
Айта кетейік, бірер күн бұрын ғана бұл серіктестік құны 2 млрд болатын сүт және қышқыл сүт өнімдерін шығаратын жаңа цехты іске қосқан болатын.
Осыдан кейін елбасы өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жиын өткізді. Оларға саланың жандануына қосқан үлестері үшін, орақ науқанын ойдағыдай аяқтағаны үшін жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, келешекте ғылыми орталардың көбеюіне баса мән берілуі керектігін айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу