Елбасы Қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

791

Елбасы Қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жұртшылығын жыл басы Наурыз мерекесімен құттықтады.

"Еліміз жыл санап дамудың жаңа сатысына көтеріліп келеді. Биылғы жыл да Қазақстан үшін, оның халқы үшін берекеге, табысқа толы жыл болсын.

Өткен жыл Қазақстаннның тарихында алтын әріппен жазылып қалды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өттік. Жаңғыртудың жаңа қадамына қадам бастық. Елімізді қай салада болсын өркендеу күтіп тұрғанын тілге тиек етті. Қазақ халқы қандай да бір игі істің бастауын Наурыздан алған. Наурыз қайта жаңарудың, жақсы тілеудің бастамасы болып қала береді.

Наурыз – ата-бабамыздан бізге мирас болып келе жатқан ұлық мереке. Енді оны жалғастыру, жандандыру қазіргі ұрпақтың еншісінде", – дейді елбасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу