Елбасы "ҚазАқпарат" агенттігін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

445

"ҚазАқпарат әрқашан талантты мамандар мен отандық медиа саласының кәсіпқой қызметкерлерінің ордасы болып келеді".  

Елбасы "ҚазАқпарат" агенттігін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінің 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Агенттік әрқашан талантты мамандар мен отандық медиа саласының кәсіпқой қызметкерлерінің ордасы болып келеді. Көпшілігі менің есімде және оларды өз жұмысына шығармашылық әрі сауатты көзқараспен қарағаны үшін құрметтеймін. Журналистік шеберліктің игі дәстүрлерін сақтай отырып, "ҚазАқпарат" егемендік жылдары Қазақстандағы жетекші баспасөз құралының біріне айнала білді", -делінген Елбасының құттықтауында.

Сондай-ақ, Елбасы ҚазАқпарат агенттігі елде және әлемде болып жатқан оқиғалар туралы шынайы ақпаратты жедел тарату арқылы мемлекетіміздің әлеуметтік және қоғамдық-саяси өмірінің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын жеткізді.

"ҚазАқпарат" өзінің 100 жылдық мерейтойын халықаралық деңгейдегі ресурстардың бірі ретінде атап өтуде. Бұл – өз ісіне құштар үлкен кәсіпқой ұжымның үйлесімді жұмысының нәтижесі. Агенттіктің кәсіби қызметі бүгінгі алмағайып кезеңде де айрықша маңызды. "ҚазАқпараттың" барша ұжымына мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, бақ-береке және тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолындағы қызметіне табыс тілеймін!", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу