Елбасы: Қазақстан - барлық теңізге шыға алатын мемлекет

1239

Елбасы: Қазақстан - барлық теңізге шыға алатын мемлекет

Кеше ұлттық телекөпір барысында Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және еуразия құрлығындағы логистикалық торапты құру жобасын іске асыру мақсатында мемлекет басшысы Маңғыстау облысындағы Құрық портында паромдық терминалының бірінші кезеңін іске қосты, деп хабарлайды abctv.kz.

Елбасы қазақстандық теңіз айлақтарын салу бұрыннан аңсарлы идея болғанын айтты. Кеңес кезінде бізде тек "Ақтау" порты ғана болғаны мәлім, оның өзі тек ішкіодақтық мақсатқа ғана қолданылатын.

"Осы қатарда "Қорғас" құрғақ портын құру идеясын мен Қытайдың бұрынғы төрағасы Ху Цзиньтаомен бірге жүзеге асырған едім. Осы мақсатта әрі құрылысты бастау үшін біз Біріккен араб әмірліктеріндегі баршаға мәлім Джебель Әли портының президентін шақырдық. Мен одан өз портын қалай қиып келгенін сұрадым: "Сіз не себепті бізге келдіңіз? Сіздерде теңіз де бар, тамаша көлік бағдарлары да түзілген. Ал бізде теңіз жоқ, айнала құм" деймін. Ол маған айтады: "Президент мырза, шынында сіздердегі теңіз біздегіден үлкен. Қытайға қараңыз – Джебель Әли ие теңізден де үлкен емес пе ол",- деді. Нәтижесінде, Тынық мұхиттан Қытайға дейін тауар тасылатын құрғақ порт бой түзді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол Құрық айлағы елімізде іске асқан жаңалық екенін айтты.

"Көзге елестетіп көріңізші: біз Каспий арқылы паромдық тасымал аштық. Енді автомобильдік паром жолға қойылуда. Нәтижесінде Құрық порты "Қазақстан – Әзербайжан – Грузия – Түркия" бағытының ашылуына дайын. Жүктер ары қарай Босфор астындағы тоннелмен тікелей Еуропаға шығады. Енді біз Қазақстан бұдан былай құрлықтық ел емес, Парсы шығанағын қоса алғанда, барлық теңіздерге шыға алатын мемлекет деп айтатын боламыз!", – деп түйіндеді сөзін елбасы.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу