Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-сессиясын өткізу туралы өкімге қол қойды

1362

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-сессиясын өткізу туралы өкімге қол қойды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) 26-сессиясын өткізу туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды abctv.kz.

"Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-сессиясы 2018 жылғы 28 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында "Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры" күн тәртібімен шақырылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын", - делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған құжат мәтінінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу