Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды жаңа 2018 жылмен құттықтады, деп хабарлайды abctv.kz.
Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан президенті өткен 2017 жылдың қорытындысын жариялап, ел үшін жаңа жылда айрықша маңызға ие болатын оқиғаларды тізіп берді.
Сонымен қатар елбасы келер жыл ел қазынасын еселеп, халықтың әл-ауқатын арттыратын жемісті жыл болатына сенетінін жеткізді.
"Алдағы жылда еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ел ішінде ынтымақ пен молшылық арта берсін. Баршамыз сол үшін қызмет етейік. Әрбір шаңыраққа бақыт, береке, бірлік тілеймін. Жаңа жыл баршамызға құтты болсын, елімізге жаңа табыс әкелсін!" – деп қорытты ойын ҚР президенті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу