Елбасы келер ұрпаққа жолдау қалдырды

1272

Оны 30 жылдан кейін 2049 жылдың 22 маусымында  ашуға болады.

Елбасы келер ұрпаққа жолдау қалдырды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болашақ ұрпаққа жолдау қалдырды. Алматыда ҚБТУ ғимаратының алдында уақыт капсуласы салынды,деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.  

"Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі күннің жастары бақытты өмір сүру үшін қандай қиындықты бастан кешкенімізді алдыңғы буын ағалары жақсы біледі. Елдің дамуы үшін еңбек етіп, Қазақстанды әлемге таныттық", – деді  Елбасы салтанатты жиында.

Сонымен қатар қазіргі қазақстандық жастар одан әрі өсу үшін үлкен мүмкіндіктер бар екенін атап кетті.

"Өз мақсатымызға жеткенімізге қуаныштымын. Бұл капсула 30 жылдан кейін ашылады. Осы уақыт ішінде көптеген өзгерістер болуы мүмкін. Алайда Қазақстан халқы даму жолын жалғастырады", – деді Тұңғыш Президент.

Қорытындылай келе, Елбасы бүгінгі күннің жастары да Қазақстанды нығайту мен гүлдендіру үшін еңбек ететініне сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу