2017 жылдың 30 мамырында 17.00-де Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасы кітапханасының музейі ғимаратында халықаралық мамандандырылған "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізуге арналған "Болашақтың энергиясын қарсы аламыз!" қор көрмелері топтамасының ашылуы өтеді. Бұл туралы кітапхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап abctv.kz хабарлайды.
Қор көрмелері "Музей жинақтары" музейтану бағдарламасының аясында әлемдік тарихи-мәдени мұраның ажырамас бөлігі болып табылатын қазақ мәдениетінің ғажайып үлгілерін көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Ұсынылған топтамалардың құндылығы Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің заманауи мемлекеттілік тұжырымдамасын қалыптастырудағы әлемдік қауымдастықпен конструктивті ынтымақтастық құруының негізіндегі қызметінің нәтижесін көрсетеді.
Ауқымдық іс-шарада музей қонақтары үш қабатқа орналасқан қор көрмелерімен танысады