Елбасы көпқабатты үйдегі жарылыстан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

829

Астанада президент төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі өтіп жатыр. Елбасы Тараздағы оқиға орнына өз тапсырмасы бойынша құрылған үкіметтік комиссияның кеткенін айтты.

Елбасы көпқабатты үйдегі жарылыстан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

Елбасы Тараздағы көпқабатты үйде болған жарылыстан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

"Бұл адамдардың жақындары мен отбасыларына көңіл айтамын. Жарылыс болған жерге менің тапсырмам бойынша үкіметтік комиссия кетті, барлығын анықтап, көмек береді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде.

"Жергілікті органдармен қатар әр отбасы өзінің қауіпсіздігіне жауапты болуы – бұл да өте маңызды. Газды абайлап қолдану керек", – деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, Таразда таңертең көп қабатты үйде жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, жарылыс газды дұрыс пайдаланбаудан болуы мүмкін. Жарылыс салдарынан үш адам қайтыс болып, алты адам зардап шеккен. Оқиға орнында шұғыл штаб құрылып, дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеуде.    

Болған оқиғаны тексеру үшін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкіметтік комиссия құрылып, олар Тараз қаласына ұшып кетті. 

Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі өтіп жатыр. Съезд партияның құрылғанына 20 жыл толуына орайластырылған.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу