Елбасы "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" заңға қол қойды

980

Заң қорғаныс өнеркәсібі саласын кешенді реттеуге, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру мен орындауға бағытталған.

Елбасы "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" заңға қол қойды

Мемлекет басшысы елдің қорғаныс өнеркәсібі саласын кешенді реттеуге, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру мен орындауға бағытталған "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Сондай-ақ, елбасы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Екі заңның да мәтіні баспасөзде жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу