Елбасы коронавируспен күреске 200 миллион теңге бөлуді тапсырды

991

Бөлінген қаражат Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары әкімдіктері арасында теңдей үлестіріледі.

Елбасы коронавируспен күреске 200 миллион теңге бөлуді тапсырды

Елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күреске Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –­ Елбасы Қорынан 200 миллион теңге бөлінеді, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

"Бүгінде Қазақстанда эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүзеге асып жатыр. Бұл әрекеттер қазіргі ахуалға сай және дер кезінде қолға алынды. Мемлекет теңдессіз шараларды қабылдап отыр. Қауіпті індетпен күресте отандық бизнес те қолдан келгенше көмектесуде. Мен бұл бастаманы қолдап, әлеуметтік жауапкершілік танытуға және біздің қоғамның бірлігін көрсетуге шақырамын. Біз барлық сынақтан сүрінбей өтеміз. Біз біргеміз!", – дейді Тұңғыш Президент.

Бөлінген қаражат Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары әкімдіктері арасында теңдей үлестіріледі.

Қаржылық көмек пандемияға қарсы күреске жұмылған медицина қызметкерлеріне сыйақы беруге, қосымша медициналық бетперделер мен дезинфекциялау құралдарын сатып алуға  жұмсалады. Сондай-ақ, қаражаттың бір бөлігі елордадағы балалар үйлері мен мамандандырылған ауруханаларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталады.

Сонымен бірге, қор басшылығы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына 50 мың медициналық бетперде тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу