Ссылка: https://youtu.be/iY_4T2xaVTk
Ядролық держава болғанымызда бүгінгідей жетістікке жетпейтін едік. АҚШ-қа ресми сапарын қорытындылап, қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Біз АҚШ, Ресей және Қытайдан кейінгі әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан саналы түрде бас тарттық. Бізде 1100 оқтұмсық, Америка Құрама Штаттарының территориясына дейін жете алатын 110 дана СС-18 зымырандары болды. Сол кезде оларды қалдырып, ядролық державаға айналу, барлығын қорқыту төңіргенде көптеген пікірталас болды. Дегенмен халық менің шешіміме қолдау көрсетті және біз дұрыс жасадық", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы соның арқасында Қазақстан 25 жылдың ішінде әлемнің барлық елдерінің сеніміне ие болып, халықаралық аренада беделі өскенін, 300 млрд доллардан астам тікелей шетел инвестициясын тарта алғанын, сол инвестициялар ел экономикасын көтергендігін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті
Талғат Уәли