Елбасы: ҚР және РФ ғалымдары ғылыми консорциумын құру керек

1020

Елбасы: ҚР және РФ ғалымдары ғылыми консорциумын құру керек

Қазақстан мен Ресей ғалымдары ғылыми консорциумын құру мәселесін қарастырған жөн. Челябіде өткен 14-ші өңіраралық ынтымақтастық форумында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осындай ұсыныс жасады. Елбасының айтуынша, құрылым био және ақпараттық технологиялар, энергетика, ғарыш және басқа да салаларға қатысты болуы керек. Бұл ретте "Назарбаев Университеті", Инновациялық технологиялар паркі, Ресейдің "Сколково" орталығы және басқа да ғылыми-зерттеу құрылымдары сияқты инновациялық кластерлеріміздің әлеуетін пайдалануға болатынын атап өтті. Сондай-ақ, еліміздің білім алуға сұраныс артып отырған өңірлерінде ресейлік жоғары оқу орындардың филиалдарын ашу мүмкіндігін қарастыру туралы айтылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

"Бүгінде Қазақстанның 30-дан астам жоғары оқу орны ресейлік әріптестерімен бірлесіп, ғылыми зерттеулер жүргізуде. Елдерімізде халықаралық білім беру хабтарын құруға ықпал етудің маңызы зор. Ол үшін білім бағдарламалары саласында, соның ішінде онлайн білім беру курстарын ашу саласында өзара іс-қимыл жасауға болады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу