Елбасы Кубадағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

710

Елбасы Кубадағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Куба Республикасы мемлекеттік кеңесінің және министрлер кеңесінің төрағасы Мигель Марио Диас-Канель Бермудеске көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Гавана қаласының маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Осынау қиын сәтте, қаза болғандардың туыстары мен жақындарының, сондай-ақ барлық Куба халқының қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің бәрінің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу