Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасына сапармен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан президенті Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің алтыншы саммитіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына келді.
Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуі, сондай-ақ ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне қатысуы жоспарланып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу