Елбасы Қытайдан қорқудың қажеті жоқ екенін айтты

974

ҚР Тұңғыш Президенті Қытаймен бірлескен жобалар елдің экономикалық мүддесіне қызмет ететінін ескертті.  

Елбасы Қытайдан қорқудың қажеті жоқ екенін айтты

Нұрсұлтан Назарбаев өзара өндірістердің құрылыстары біткеннен кейін қытайлық азаматтардың ешқайсы Қазақстанда қалмайтынын айтты,  деп хабарлайды Интерфакс-Казахстан.

"Қытай бізді жаулап алады деген әңгімелерді естіп жүрмін. Қайда, кімді жаулап алды? Қазақстан жерін вагонға салып, бір жаққа алып кете ме? Қытай билігімен келісімім бар, бірге өнеркәсіптер салған кезде үкімет қанша маманның келетінін көрсетіп қол қояды – құрылыс біткен соң олар кетеді. Кезінде төраға Ху Цзиньтао маған былай деген: "Егер кетпесе, айтыңыз, бәрін кері алып кетеміз", – деді Назарбаев "Хабар" телеарнасына. 

 "Сондықтан қандай да бір қорқыныш қажет емес. (...) Біз өзімізге қажет ең озық кәсіпорындарды алып келеміз. Ал бізге мұндай инвестициялар кім береді? Бүгінде мұндай ақша тек Қытай ғана бар. Барлық ел осыны пайдаланғысы келеді", – деп толықтырды ол.

Нұрсұлтан Назарбаев "Қытайдың барлық басшыларымен ең жақсы қарым-қатынас" қалыптасқанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу