Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" бұрынғы Жарлығына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент Қаулысы 2017 жылдың 26 қазанындағы №569 Жарлығымен бұрын бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне өзгеріс енгізеді.
Жарлыққа қосымшаға сәйкес бұл жолғы нұсқада дәйекшелер қысқарып, екі таңбалы әріп пайда болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу