Елбасы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

979

Елбасы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы өз сөзінде 500-ге жуық қазақстандықтың Кеңес Одағының Батыры атанғанын, майданға аттанған 1,8 млн адамның жартысының қайта оралмағанын еске салды. Жантүршігерлік соғыс әр отбасы, әр адамның жүрегін жаралады. 

"Біздің ата-бабаларымыз кескілескен шайқаста от кешіп, окоптардан кеуделерін оққа төсегенін білеміз. Олар отанымызды, біздің тыныштығымызды, ашық аспанымызды қорғады. Олар қаһармандық танытты. Бұл мерекені тойлау өскелең ұрпаққа ата-бабамыздың батырлығы мен  жанкештілігін көрсету үшін керек. Біз - бейбіт елміз. Біз достық ортаны, елдегі тұрақтылықты, бауырмалдық пен өзара түсіністікті қалыптастыра отырып, өзіміздің тәуелсіз мемлекетімізді құрып келеміз. Біздің болашақтағы жетістіктеріміздің негізі осы деп білемін. Біз бейбіт ел болсақ та, сұрапыл соғысты ұмытқан жоқпыз", - деп мәлім етті мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу