Елбасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

926

Елбасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Елбасы "Ақжайық" саябағына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы шара барысында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Қазақстан президенті "Өңірлердің Астанаға тартуы" жобасы аясында Батыс Қазақстан облысы салған "Ақжайық" саябағын аралап көрді.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының жұртшылық өкілдерімен, елордадағы "Сарыарқа" ауданының тұрғындарымен және Мәншүк Мәметованың туыстарымен әңгімелесті.

Мемлекет басшысы "Өңірлердің Астанаға тартуы" жобасының елорданы әлеуметтік әрі мәдени тұрғыда дамыту ісіндегі маңыздылығын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу