Елбасы: Мәселе жұмыссыздықта емес, маманның жоқтығында

890

Елбасы: Мәселе жұмыссыздықта емес, маманның жоқтығында

Мәселе жұмыссыздықта емес, маманның жоқтығында! Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп хабарлайды Atameken Business.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде елімізде жұмыссыздық проблемасы жоқ, тек кадр тапшылығы басым.

"Экономикасы бойынша әлемде 4-орындағы Германия өз табысының 90 пайызын шағын және орта бизнестен құрауда, АҚШ экономикасының 60-70 пайызы бизнеске тиесілі, біз де сол дәрежеге жету керекпіз", - деді елбасы.

Сондай-ақ, президенттің пайымдауынша, сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін кәсіпкерлік басты бағытқа айналып, бизнес пен биліктің арасында бармақ басты, көз қысты іс-қимылдар жойылу керек.

"Кемел кешекке жету үшін әрбір адам бірнеше кәсіпті игеру қажет. Мәселен, болашақта 800 мамандықтың 300-і қажетсіз болып қалса, өзге салаға ауысуға әркім қабілетті болу міндет, - деді мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу