ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей астанасына келді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Сапар барысында Елбасы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде өтетін "Н. Назарбаев – еуразиялық интеграцияның сәулетшісі" көрмесінің салтанатты ашылуына қатысады.
ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, көрменің басты мақсаты – еуразиялық ынтымақтастықтың пайда болуы мен даму тарихындағы Н.Назарбаевтың рөлі мен идеяның жаңа жаһандық өлшемдегі даму перспективаларын көрсету.
Көрме "Қазақстан – Ресей: мемлекетаралық қатынастардың стандарты", "Еуразиялық одақ: идеядан тәжірибеге" және "Болашақтың зияткерлік ұлты" атты үш бөлімнен құралған.