Елбасы мегаполистерде жастарға арнап жыл сайын 1 мың пәтерден салуға тапсырма берді

1867

"Бұл пәтерлер жалға берілетін тұрғын үй санатына жатуға тиіс", – деді президент. 

Елбасы мегаполистерде жастарға арнап жыл сайын 1 мың пәтерден салуға тапсырма берді

Миллион тұрғыны бар үш қалада жұмыс істейтін жастарға арнап жыл сайын жоқ дегенде 1 мыңға жуық жалға берілетін пәтер салынады. Бүгін өтіп жатқан Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

"Тұрғын үйді қанша салсақ та, мәселе шешілетін түрі жоқ. Ең бірінші, Алматы, Астана және Шымкент сияқты миллион тұрғыны бар үш қалада жұмыс істейтін жастарға арнап жыл сайын 1 мың пәтер салуға тапсырма беремін. Бұл пәтерлер жалға берілетін тұрғын үй санатына жатуға тиіс", – деді президент, жастармен кездесуде.

Президент мұндай пәтерлер жұмыс істейтін жастарға және тек қазақстандық жастарға берілетінін атап кетті.

"Жұмыс – өмір сүрудің негізгі көзі. Қазақстанда мемлекеттен көмек сұрап, партернализмді дамытқымыз келмейді. Сіздердің істеріңізбен, жұмыстарыңызбен  мемлекетке көмек жасайтын уақыттарыңыз келді. Сондықтан жас қызметкерлерге арналған тұрғын үй жағдайын жасауға барлық меншік нысанындағы кәсіорын қатысуға тиіс. Олар бізге қолдау көрсетеді деп ойлаймыз", – деді мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу