Қазақстан президенті отандық БАҚ өкілдеріне сұхбатында зейнетақы қоры туралы ой бөлісті, деп хабарлайды egemen.kz.
"Біз Григорий Александрович Марченконың тұсында Чилиді зерттеп, тәжірибесін қолданысқа енгіздік. Енді жекеменшік компаниялар зейнетақы ақшасын бақылауға алып, өздерінің үлестес компанияларына аударумен болды. Біз оларды жазалап, ақшаны кері қайтаруымызға тура келді. Оларды толық күйде сақтау үшін мемлекетке қайтардық. Мемлекет оны қайда бөлу керектігіне толықтай жауап береді. Себебі, зейнетақы қаржысы да жұмыс істеу қажет қой. Бұл зейнеткерлерге де тиімді. Біз әзірге бәрін орталықтандырып жатырмыз. Ұлттық банк олардың толық күйінде сақталуына және артуына жауап береді", - деді президент.
Мемлекет басшысының айтуынша зейнетақы қорын Қазақстанның инфрақұрылымына және индустралды жобаларды жүзеге асыруға бағытталуы қажет.
"Егер қазақстандық инфрақұрылымдардың дамуына бөлер болсақ, ол ешқайда кетпейді, өзімізде қалады. Себебі, зауыт, фабрика осында. Ары қарай зейнетақы қорын не істеу қажет? Мәселен, Норвегияның тәжірибесі тиімді. Ол жақта зейнетақы қорын Ұлттық қормен біріктірген. Бірыңғай қор болды, әлдеқайда тиімдірек. Мүмкін біз де осы жолмен жүреміз. Бірақ оған бақылауды мемлекет өз уысынан шығармауы қажет. Мемлекет зейнетақы қорын бақылауда ұстауы қажет", - деді президент.