Елбасы: Мемлекетті басқаратын әр адам шахмат ойнауы керек

2466

Елбасы: Мемлекетті басқаратын әр адам шахмат ойнауы керек

"Мемлекетті басқаратын әр адам шахмат ойнауы керек". Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі. Осыдан ба, елбасының шахмат ойнағанды жақсы көретінін білетін шет мемлекет басшылары оған ерекше стильде жасалған шахмат сыйлауға тырысады екен, деп жазады sputniknews.kz.

Мәселен, Арменияның бұрынғы президенті Серж Саргсян 2010 жылы Назарбаевтың туған күніне дәстүрлі "стаунтондық" шахмат сыйлаған. Қол жұмысы. Ойын фигуралары алтын, табиғи тастардан (жадеит, кохолонг) жасалған.

Бұған қоса, "Ұлы моғолдар әскері" шахматы, Қытай шахматы, Беларусь президенті Лукашенко сыйлаған "Мәскеу түбіндегі "Бородино шайқасы" тақырыбында жасалған шахмат, қазақтың батырлары мен хандары, киіз үй пішінінде жасалған шахмат та бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу