banner

Елбасы мемлекеттік наградаларды табыс етті

1026

Бүгін салтанатты шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар азаматтарды марапаттады.  

Елбасы мемлекеттік наградаларды табыс етті

Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент Көмекшісі Абай Бисембаевты "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен және Елбасы Кеңсесінің Басшысы Махмуд Қасымбековты  І дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

"Биыл біз Тәуелсіздіктің 28 жылдығын атап өтеміз. Тәуелсіздік күні қарсаңында Отан алдындағы жоғары қызметтерді ескеріп, Президент азаматтарға марапаттар тапсырды. Сіздерді құттықтаймын. Әрі қарай да ел игілігі үшін қызмет етуді жалғастыра беріңіздер", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу