Ерен еңбегімен дараланғандар бүгін елбасының қолынан мемлекеттік марапаттарды алды, деп хабарлайды 24.kz.
Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілетін дәстүрлі шара барысында президент "Барыс", "Парасат", "Құрмет", ІІ дәрежелі "Даңқ", ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы", "Айбын" ордендерін және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалін табыстады. Сондай-ақ мемлекет басшысы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерелерін де құттықтады. Атап айтқанда, "Алқоңыр дүние", "Ана сыры", "Шуақты шақ" өлеңдер жинағының авторлары мен "Анаға апарар жол" көркем фильмінің ұжымын және "Абай операсының" қойылым тобы марапатталды.
Нұрсұлтан Назарбаев мұндай жоғары мемлекеттік награда еліміздің өркендеуіне үлес қосқан тұлғаларға ғана берілетіндігін атап өтті.