Елбасы мерекелік концертке қатысты

726

Елбасы мерекелік концертке қатысты

Қазақстан халқының бірлігі дүние жүзі жырлайтындай деңгейге жетті. Мемлекет басшысы елімізді айтулы мейраммен құттықтап, біздегі татулық көпке үлгі екенін айтты, деп хабарлайды 24.kz.

"Ішкі тұрақтылық пен ауызбіршіліктің арқасында еліміз өркендеді. Экономикамыз қарыштап дамып келеді. Әлде де әлеуметтің әл-ауқатын арттыру бағытында аянбай жұмыс істей береміз", - деді елбасы.

Бұған дейін қолға алынған бағдарламалар мен жуырда жарияланған 5 әлеуметтік бастаманың түпкі мақсаты осы. Қазақстанды мызғымас бірлігінің арқасында әлемдік қауымдастық сыйлайды. Жанжалдасқан тараптар арадағы шиеліністерді шешу үшін Астанада бас қосады. Осының барлығы біздегі  бірліктің арқасы.

Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев кезінде Қазақстанға жер аударылған түрлі ұлт өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алғандығына ерекше тоқталып өтті. Татулық пен жұмылудың арқасында тәуелсіз мемлекет құрып, әлем қызығарлық елге айналдық. Осы мызғымас ынтымақты сақтап қалу керек деді президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу