Елбасы металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтады

737

Қазақстанның тұңғыш Президенті өз құттықтауында металлургия ұлттық экономиканың басты саласының бірі екенін, мұнда өз ісіне шын берілген, қажыр-қайраты мол, жауапкершілігі жоғары мамандар еңбек ететінін жеткізді. 

Елбасы металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев металлургтерді кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұл – адамның мінезі мен ерік-жігері шыңдалатын, мақсатқа жету жолындағы табандылығы мен қайсарлығы қалыптасатын жер.Кезінде өзім де осы өмір мектебінен өтіп, бай тәжірибе жинағанымды мақтан тұтамын. Кейінгі қызмет жолымда оның пайдасы тиді", – деп жазды Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол металлургия саласындағы мамандардың еңбексүйгіштігі, қайсарлығы және табандылығы зор құрмет пен шынайы алғысқа лайық деген пікірде.

Сонымен қатар Елбасы металлургтер Қазақстанның экономикалық әл-ауқатының артуына сүбелі үлес қосып келе жатқанын атап өтіп, оларға мол табыс, зор денсаулық, бақ-береке тіледі.  

Айта кетейік, Қазақстанда Металлург күні жыл сайын шілденің үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу