Елбасы Михаил Дорофеевтің жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

961

Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілі қазақстандық журналист, Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет-порталының бас редакторы Михаил Дорофеевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Елбасының ресми сайтында хабарланды.

Елбасы Михаил Дорофеевтің жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

"Ол үлкен жұмыс тәжірибесі бар өз ісінің кәсіпқой маманы еді. Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, Журналистика академиясының академигі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болды. Михаил Дорофеев отандық медиа саласының дамуына сүбелі үлес қосып, жаңа сапа стандарттары мен кәсібилікті енгізуге ықпал етті", – деп жазылған жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу