Елбасы Милош Земанды Чех елінің президенті болып қайта сайлануымен құттықтады

830

Елбасы Милош Земанды Чех елінің президенті болып қайта сайлануымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Милош Земанға Чех Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Сіздің жеңісіңіз еліңізді одан әрі дамытуды көздейтін бағытыңызға деген халық сенімінің айқын дәлелі болып саналады.

Біз биыл дипломатиялық қарым-қатынасымыздың 25 жылдығын атап өтеміз. Ширек ғасыр ішінде Қазақстан мен Чехия арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейге көтерілгеніне қуаныштымын.

Қазақстан мен Чехия арасындағы ынтымақтастық елдеріміздің игілігі үшін өзара серіктестік рухында жалғаса беретініне сенімдімін. Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге табыс, ал достас Чехия халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін", – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу