Елбасы Мұхаммед Пайғамбар мешітінде болып, намаз оқыды

1033

Елбасы Мұхаммед Пайғамбар мешітінде болып, намаз оқыды

Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Патшалығына ресми сапармен барды. Медина қаласына келісімен Нұрсұлтан Назарбаев провинция губернаторы Ханзада Фейсал бен Салман Әл Саудпен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды, сондай-ақ Масджид ән-Нәбауи мешітінің сәулетімен және интерьерімен танысты.  

Одан кейін Қазақстан Президенті Сауд Арабиясының Патшасы Салман бен Әбдел Әл Саудпен келіссөздер нәтижесі бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отырған Эр Рияд қаласына келді.

Сапар барысында Сауд Арабиясы Патшалығының тағы бірқатар ресми тұлғаларымен және іскер топтары өкілдерімен кездесу өткізу қарастырылған.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу