Елбасы Мысыр президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

879

Елбасы Мысыр президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан президенті Мысыр араб республикасының президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Александрия қаласының маңындағы пойыз апаты салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу