Елбасы Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты

656

Қазақстанның Тұңғыш Президенті көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Нәдір Кәрімұлы Нәдіровтің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады. Бұл туралы inbusiness.kz порталы Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.    

  Елбасы Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты

"Нәдір Кәрімұлы саналы ғұмырын мұнай ғылымы мен инженерлік саланы дамытуға арнап, кәсіби биік белестерді бағындырды және ғылыми қоғамдастық тарапынан кеңінен мойындалды. Ол шебер ұйымдастырушы әрі беделді ұстаз ретінде ғалымдар мен педагог мамандардың тұтас буынын тәрбиеледі. "Барбанг" Қазақстан күрдтері қауымдастығының құрметті президенті кезінде еліміздегі қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайтуға зор үлес қосты", – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу