Елбасы Наурыз мерекесімен құттықтады

1237

Нұрсұлтан Назарбаев баршаға ырыс-ынтымақ, денсаулық пен бақ-береке тіледі.  

Елбасы Наурыз мерекесімен құттықтады Фото: elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықты Наурыз мерекесімен құттықтады. Құттықтау сөз Елбасының сайтында жарияланды:

"Құрметті отандастар! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мерекесімен  құттықтаймын! Біз осы жарқын мейрамды әрдайым асыға күтеміз. Бұл – тіршілік атаулы жанданып, жер-дүние жаңаратын кезең.

Биыл біз Наурызды бірінші рет мерекелік жиындар мен салтанатты іс-шараларсыз атап өтіп жатырмыз. Оның өзіндік себебі бар. Бүкіл дүниеге тараған вирус қаупіне тап болдық. Бірақ көктемнің келуі мен мерекелік көңіл-күйге бөленуге ештеңе кедергі бола алмайды. Біз біртұтас халықпыз және елімізді өркендету жолында жұмыла жұмыс істеуге дайынбыз. Еліміздің алдында тұрған барлық сынақтардан ауызбірлік пен табандылықтың арқасында сүрінбей өтетінімізге сенімдімін.

Ұлтты ұйыстырған дәстүрлі мерекеміз баршаның үмітін ақтап, жаңа белестерді бағындыру үшін күш-қуат пен қажымас қайрат әкелсін. Осынау шуақты мейрамда әрбір шаңырақ шаттық пен игілікке толсын. Баршаңызға ырыс-ынтымақ, денсаулық пен бақ-береке тілеймін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!"

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу