Елбасы несиені қажет ететін кәсіпорындардың тізімін жасауды тапсырды

930

Елбасы несиені қажет ететін кәсіпорындардың тізімін жасауды тапсырды

Қайта өңдеу секторындағы кәсіпорындарға арзан әрі ұзақ мерзімді несие беріледі.
"Қазір қалыптасып отырған жағдайларға байланысты несие беруді арттыру керек. Әсіресе, қайта өңдеу секторында, шағын және орта бизнес саласында ұлғайту керек. Бизнесті қаржыландырармыз. Бірақ бұл қаржыны кімдер алады? Несиені қайтара алатын кәсіпорындар бар ма? Бұл банк емес, ел үкіметі айналысатын шаруа. Қазір банктер несие бергенімен, оны алатын кәсіпорын жоқ", – деді президент.
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов несиені қажет ететін жобалар барын жеткізді. 
"Ендеше үкімет пен ұлттық палата бірлесіп, несиені қажет ететін экспорттық өнімдер шығаратын кәсіпорындардың тізімін жасасын. Біз олардың әрқайсысына қаржы беретін боламыз", – деді мемлекет басшысы.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу