Елбасы Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасындағы матчқа барды

780

"Барыс арена" стадионында Рафаэль Надаль Новак Джоковичті жеңді.  

Елбасы Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасындағы матчқа барды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасында өткен қайырымдылық теннис матчына барды, деп хабарлайды Елбасының сайты.

Ойын алдында Елбасы әлемдік теннистің майталмандары Новак Джокович және Рафаэль Надальмен кездесті. Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев ойынның жарқын және тартысты өтуіне тілектестік білдірді. "Қазақстандықтар планетаның үздік теннисшілерін көргендеріне өте қуанышты. Мен сіздердің ойындарыңызды үнемі қараймын. Сіздер спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу