Елбасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

785

Елбасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин мемлекет басшысына заң жобалау жұмыстары жоспарын орындау аясындағы парламенттің төменгі палатасының үшінші сессия кезеңіндегі қызметінің қорытындылары жөнінде мәлімдеді.
"Мәжіліс 24 заң жобасын, соның ішінде үшжылдық бюджетті, салық, әкімшілік және кеден кодекстерін, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қабылдады. Осылайша, заң жобаларының барлық топтамасы сенатқа жолданды", – деді Нұрлан Нығматулин.
Кездесу соңында елбасы Қазақстанның үшінші жаңғыруы үрдісін уақтылы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында парламент мәжілісі қызметінің маңызды екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу