Елбасы премьер-министр Асқар Маминді қабылдады

949

Кездесу барысында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері талқыланды.  

Елбасы премьер-министр Асқар Маминді қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Арыс қаласының әлеуметтік маңызды нысандары мен тұрғын-үйлерді қалпына келтіру үдерісіне, сондай-ақ Түркістанды дамыту үшін қабылданып жатқан шараларға ерекше назар аударды, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, кездесуде ұлттық экономикаға шетел капиталын тарту және ел өңірлерінің инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері қаралды.

Елбасы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, соның ішінде "Нұрлы жер", "Нұрлы жол" және индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыруды тиісті деңгейде қадағалауды қамтамасыз ету үшін үкімет пен "Nur Otan" партиясының бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу