Мемлекет басшысы белгілі ақын, қаламгер, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовті қабылдады. Кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері мен қоғамды рухани жаңғыртудағы рөлі талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Сонымен қатар, сөз зергері алдағы шығармашылық жоспарын ортаға салды.
Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовке немересі Ескендірдің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу