Елбасы Оман Сұлтандығы билеушісінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

1268

Қазақстанның Тұңғыш Президенті суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

Елбасы Оман Сұлтандығы билеушісінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Оман Сұлтандығының билеушісі Сұлтан Қабус бен Саид Әл Саидтың дүниеден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады, деп хабарланды Елбасының ресми сайтында.

"Ол Қазақстан мен Оман арасындағы қарым-қатынастың нығаюына және елдер арасында сенім мен достыққа негізделген ынтымақтастықтың дамуына тікелей септігін тигізді. Сұлтан Қабус халқын, жерін, елін сүйген адал және парасатты билеуші ретінде есте сақталады деп сенемін. Осынау азалы сәтте Оман халқының және марқұмның отбасы мен жақындарының ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын", – делінген жеделхатта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу