Елбасы:Осы мейрамда айтылған игі тілектеріңіздің бәрі орындала берсін!

1254

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Елбасы:Осы мейрамда айтылған игі тілектеріңіздің бәрі орындала берсін!

 Елбасының құттықтауы ресми сайтында жарияланды:

Құрметті отандастар!

Сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Құрбан айт – әлемдегі бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрам, жақсылықтың, қайырымдылық пен кеңпейілділіктің символы.

Бұл мереке бейбітшілік, бірлік және келісім сияқты жалпы адами құндылықтарды қастерлеуге үндейді.

Құрбан айт және басқа да діни мейрамдар қоғамда рухани-адамгершілік негіздерін нығайтуға септігін тигізетіні және ізгі ниет пен игілікті амалдар арқылы көрініс табатыны қуантады.

Осы мейрамда айтылған игі тілектеріңіздің бәрі орындала берсін!

Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу