Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары, сондай-ақ жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың іске асырылу барысы жөнінде әңгімелесті. Осыған байланысты тараптар 2017 жылы екіжақты сауда-саттық көлемінің 31 пайызға артып, биылғы бірінші тоқсанда бұл көрсеткіштің оң қарқыны сақталып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу