Елбасы православ христиандарын Рождество мейрамымен құттықтады

805

Елбасы православ христиандарын Рождество мейрамымен құттықтады

Елбасы еліміздің барша православ христиандарын Рождество мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Республикамыздың православ христиандары біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімнің сақталуына зор үлес қосып келеді. Азаматтардың діни сезімдеріне құрметпен және ықыласпен қарау мемлекеттік саясаттың маңызды қағидаларының бірі болып табылады. Соның арқасында біз елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтай алдық, экономика мен қоғамдық дамуда айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік. Осындай айтулы күні Отанымыздың игілігі жолындағы адал еңбектеріңіз бен игі істеріңіз, ізгі ниеттеріңіз бен жарқын ойларыңыз үшін ризашылығым мен алғысымды білдіремін",- дейді елбасы құттықтауында.

Сондай-ақ мемлекет басшысы әр үйге, әрбір қазақстандыққа амандық пен молшылық, сүйіспеншілік пен береке, бейбітшілік пен бақыт тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу