Елбасы президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге қатысты пікір білдірді

1224

Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерімен кездесті.

Елбасы президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге қатысты пікір білдірді

БАҚ өкілдерімен кездескен мемлекет басшысы қоғамды алаңдатып отырған бірқатар мәселеге қатысты пікірін айтты. Соның бірі президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге қатысты. Көптің көңілін күпті еткен сауалға жауапты қысқа қайырып, әзірге сайлау жайлы әңгіме қозғауға еш негіз жоқ деді.

"Парламент бойынша ешқандай мәселе жоқ. Олар заңнама бойынша өз рөлін орындап жатыр. Парламент мерзімі – 2021 жылға дейін, осы мерзімде сайланады. Президент сайлауы – 2020 жылдың желтоқсанында. Әлі екі жыл бар", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елді алаңдатып отырған келесі мәселе Қазақстанға жұмыс істеуге келген Қытай азаматтарымен байланысты. Екі  елдің қазіргі қарым-қатынасы жоғары деңгейде деген мемлекет басшысы одан қорқатын ештеңе жоқ екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу