Елбасы: Президенттіктен кеткеніме өкінбеймін

1472

Ертең сағат  21.30-да "Хабар" арнасында Елбасының сұхбаты  көрсетіледі.  

Елбасы: Президенттіктен кеткеніме өкінбеймін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Хабар" арнасына берген сұхбатынан үзінді жарияланды, деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысының Twitter парақшасында.

"Елбасының бүгінгі сұхбатынан үзінді. Толық нұсқасы ертең "Хабар" арнасында сағат 21.30-да көрсетіледі", – деп жазды Айдос Үкібай.

Сұхбат кезінде Нұрсұлтан Назарбаевқа "Президенттіктен кеткеніңізге өкінбейсіз бе?" деген сұрақ қойылды.

 "Әрине, өкінбеймін. Себебі, бұл жан-жақты әбден сараланған шешім болатын. Ең алдымен, бірнеше рет мені Мемлекет басшысы етіп сайлаған халыққа зор алғысымды айтамын. Екіншіден, өзгерістер керек. Ештеңе бір орында тұрған жоқ. Өзгерістер, жаңа адамдар, тың кадрлар керек. Кез келген адамның өзіндік көзқарасы, қарым-қатынасы бар. Сол себепті бұл – әбден ойластырылған қадам. Халық үшін, Қазақстан үшін дұрыс істедім деп есептеймін", – деді Елбасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу